Конкурс среди членов кружка «Жас шебер»
классный час (10 класс) на тему

Шукуров Суюнгали Сагинтаевич

Жанболат Есенғалиұлы Ешов

Педагог дополнительного образования

Теректинского районного

Центра детского творчества

Западно-Казахстанской области

Конкурс

среди членов кружка «Жас шебер»

Скачать:

ВложениеРазмер
Файл zhas_sheber.docx99.75 КБ

Предварительный просмотр:

(«Жас шебер» үйірмесінің мүшелері арасында топтық сайыс)

Жанболат Есенғалиұлы Ешов

Теректі аудандық балалар шығармашылық орталығының

қосымша білім беру педагогы

Мақсаты: Келешек ұрпаққа қазақ халқының ұлттық өнерін дәріптеу, тапсырманы орындауға және білім іскерлігін жаңа жағдайға бейімдеу, оқушылардың эстетикалық талғамын ұштау, өнерге ынтасын дамыту.

Сабақтың түрі: Сайыс, білім, ой-қиял сабағы, бейнелі ойлау, машықтық жұмыс.

Қажетті құрал – жабдықтар мен материалдар: Бейнелеу және еңбек құралдары, өз қалаулары бойынша қажетті материалдар.т.б.

Өткізілетін орын: Сайыс мұражай үлгісінде безендірілген бөлмеде өткізіледі.

Сабақтың барысы: Сабақтың кіріспе бөлімі экскурсия түрінде басталып, оқушыларға мұражай туралы,  мұражайда қойылған жұмыстар туралы түсініктер беріледі.

 Жүргізуші: -Құрметті сайысқа қатысушылар мен көрермендер! Бүгін сіздер «Жас шебер» үйірме мүшелерінің арасында өткізіліп отырған «Шеберлер мектебі» атты сайысқа қош келдіңіздер. Дәлірек айтсақ «Ұлан» тобы мен «Қыран» тобының арасындағы сайысты тамашалауға жиналдыңыздар.

    Сайысқа қатысушы «ұландар» мен «қырандарды» қошметпен ортаға шақырамыз.

  1.  «Ұлан»  тобы.         Топ басшысы – Рамиль 10-сынып

            Құрамында – Дәулет(9-с.), Мерхан(7-с.), Асылбек(6-с.), Саят(5-с.).

  1.  «Қыран» тобы.       Топ басшысы – Алпамыс 10-сынып

           Құрамында  – Салауат(9-с.), Байболат(7-с.), Асылхан(6-с.), Бақдәулет(5-с.).

-Сайысқа түсетін топтармен таныстық, енді ойынымызды бастаймыз.

І бөлім. «Білекті бірді жығар, Білімді мыңды жығар.»(білімділер сайысы)

Әр топ өз орындарына отырған соң екі топқа ортақ сұрақ беріледі. 1 минөт уақыт ішінде топ мүшелері өзара пікірлесіп, ойланып, жауап дайын болған кезде алдарындағы жіпті тарту арқылы жауап беруге дайын екендерін білдіреді. Уақыттан ерте берілген жауап дұрыс болмаған жағдайда, қарсы топ қалған уақытты пайдаланып, жауап береді, бірақ жауап беру үшін жіпті уақыттан кеш тартса, жауап қабылдандайды. 1 минөт ішінде екі топ та жауап бере алмаса, келесі сұрақ беріледі. Дұрыс жауап берген әр сұраққа 5 ұпай беріледі. Ендеше топтарды өз орындарына отыруға шақырамыз.

           Бірінші бөлімнің сұрақтары: 

   

  1. Қаңалтырдан бедерлі бұйым жасау.(Шекіме)
  2. Алтын адам туралы не білесің ?.............................................
  3. Мақал: «Шешеннің сөзі мерген, (Шебердің қолы мерген. )»
  4. Ағаш шеберлерін топта. (Үйші, балташы, оймашы, тоқушы.)
  5. Ат әбзелдері туралы айт. ................................................................
  6. «Шеберхана» сөзінен түрлі сөздер құра. (1 минөт ішінде.)
  7. Ұшақ қандай бөліктерден тұрады ? (Фюзеляж, қанаттары, кабина, мотор, қаңғалағы, құйрығы(киль), стабилизаторлары, шассилері, элерондар т.б.)
  8. Әшекей бұйымдарын жасайтын қолөнер шебері. (Зергер.)
  9. Мақал: «Жеті өлшеп, (бір рет кес.)»
  10. Ағаштан жасалған әшекейлі үлкен сандық. (Абажа.)

ІІ бөлім – «Шебердің қолы алтын.» (шеберлік сайысы)   

Өздері дайындап алып келген материалдары арқылы техника моделін жасау. Моделдеуге   7-10 минөт уақыт беріледі. 1 - 5 ұпай аралығында  бағаланады.

Көрермендермен ойын. «Таңшолпанның магиясы»

Компьютер экраны арқылы сиқырлы көрініс көрсету. Таңшолпан 8-сынып.

ІІІ бөлім – «Шеберлік пен шешендік.» (үй тапсырмасы) 

Әр топ үйден дайындап алып келген көркем бұйым немесе техника моделдерін қорғап, жасалу жолдары, қолданылған материалдар, жұмыс түрлері туралы айтып, бұл жұмыстың маңыздылығы, қажеттілігі және тиімділігі туралы түсінік береді. Бұл сайыста сайыскерлердің шеберлігімен қоса шешендігі де бірге бағаланады. Берілетін уақыт 5 минут.   1 - 5 ұпай аралығында  бағаланады.

Қорытынды бөлім – «Жүзден жүйрік.»

Әділ қазылар алқасы әр бөлімге жеке-жеке және қорытынды ұпай сандары арқылы сайыстың нәтижесін шығарады. (Жеңімпаз топ және әр топтан жақсы өнер көрсеткен оқушылар марапатталады.)

Міне сонымен айтысымыз аяқталды. Жеңген топты жеңісімен құттықтаймыз.

Бойларында от бар екен байқадым,

Жүректерде шоқ бар екен байқадым.

Әрқашанда осы отты өшірмей,

Жалындатып лаулатыңдар айтарым!

«Атлын» екен қолдарыңыз байқадым,

Тілдеріңіз «қарулы» екен байқадым.

Әрқашанда осы өнерді жоғалтпай,

Биіктерден көрініңдер айтарым!


По теме: методические разработки, презентации и конспекты

Моя статья "Хочу поделиться опытом" для участия во Всероссийском конкурсе среди учителей

Статья  "Хочу поделиться опытом" . Приняла участие во всероссийском конкурсе на лучшую статью о своем опыте, проводимой издательством Макмиллан в декабре 2010г....

Материалы предоставленные на региональный этап Всероссийского конкурса среди работников образовательных учреждений «Воспитать человека»

Региональный этап Всероссийского конкурсасреди работников образовательных учреждений«Воспитать человекаНоминация:              ...

Конкурс среди мальчиков класса «Юный разведчик», посвященный дню защитников Отечества. (5 класс)

      Патриотическое воспитание является одним из направлений воспитательной работы. Привить любовь и преданность родине, интерес к военному делу, сформировать у мальчиков те кач...

разработка конкурса среди мам учащихся 6,7 классов "Мамина каша"

Одним из проблем в работе классного руководителя является работа с родителями. Здесь нужен индивидуальный подход и творческие способности учителя. Итак, уважаемые коллеги, творите!...

Методики для определения уровня УУД членов кружка "Путешествие в страну Геометрию"

Данный материал содержит диагностику  уровня развития коммуникативных склонностей, уровня воспитанности и уровня самостоятельности учащихся...

Литературное творчество членов кружка школьного лесничества"Каенкай"

Литературное творчество членов школьного лесничества "Каенкай"...

Литературное творчество членов кружка школьного лесничества Каенкай

Литературное творчество членов кружка школьного лесничества Каенкай...